Түркістан облысындағы сарапшылық кеңестің құрамына қоғам өкілдерін қабылдап жатыр

0
1 242

Аталған топтар бірнеше сала бойынша құрылады.


Түркістан облысындағы сарапшылық кеңестің құрамына қоғам өкілдерін қабылдап жатыр

Түркістан облысында сарапшылық кеңес топтары құрылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан – адалдық алаңы» жобасы аясында келесі салалар бойынша сарапшылық кеңес топтары құрылып жатыр.

Атап айтсақ, Білім; Денсаулық сақтау; Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары; Сот және құқық қорғау органдары; Әлеуметтік қамтамасыз ету; Мемлекеттік кірістер органдары.

Аталған салаларда жұмыс өтілі бар, осы салаларды дамыту мен оңтайландыруға тың серпін беретін, жаңаша идеялары бар немесе жоғарыдағы салаларға қатысты сұрақтары бар қоғам өкілдерін жоба аясында құрылып отырған сарапшылық кеңестің құрамына қосылуға шақырамыз.

Топ құрамына қосылу үшін: + 7701-110-00-50 WhatsApp қосымшасы арқылы немесе 13regionTAA@gmail.com поштасына хабарлама қалдырсаңыз болады.