ТҮРКІСТАН: Ордабасыда толық автоматтандырылған қыш зауыты салынып жатыр

0
682

Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда 60 жұмыс орнын ашылмақ.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда толық автоматтандырылған қыш зауыты салынып жатыр

Ордабасыда толық автоматтандырылған ірі қыш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде.


Жобаны«КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асыруда. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, 60 жұмыс орнын ашылмақ.


Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарлануда. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады.

Бөлісу