Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары тоқтаған емес.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталықтарындағы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары тоқтаған емес. Кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, жұмысшы күшінде әлі де тапшылық бар. Облыс әкімі Ө. Естайұлы қаланы дамыту, көркейту аясында салынып жатқан нысандардың маңызды екенін айтып, жұмысшылар санын көбейтуді жауапты мамандарға тапсырды.
Қаланың басты көшелерінің бірі Б. Саттарханов даңғылының екі шетінде ұзыннан салынып жатқан желілік саябақ - субұрқақтар, ерекше дизайнды ландшафтар және ирригациялық арықшаларымен ерекшеленбек. Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге тарта көшенің 26-на тасжол салынса, 22-де жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы 48 көшеде жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.
Аймақ басшысы Б. Саттарханов даңғылы және даңғылдың ішкі жолы, Жібек жолы, О.Датқа, Бөген, Сапарбай болыс, Келіншектау, Шойынбет би, Сырым батыр, Ақан сері, Майлықожа, Жүйнеки көшелерін аралып, онда атқарылып жатқан істерді пысықтады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді.