Түркістанда бойжеткенді зорлауға оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Түркістанда бойжеткенді зорлауға оқталу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Түркістан қалалық IIБ-ның кезекшi бөлiмiне қалаға оқуға келген студент қыз арызданған. Ол өзiн белгiсiз азамат зорламақ болғаны туралы хабарлаған. Аталған жайт ҚР ҚК «Зорлауға оқталу» бабы бойынша тiркелдi. Тергеушiлер сотқа дейiнгi тергеу жұмыстарын бастап кетті. Сараптама тағайындалды. Полицейлер күдiктiнiң түр-тұлғасын анықтап, оны ұстау шаралары жүргiзiліп жатыр», - дейді Салтанат Қаракөзова.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіде таралған ақпараттың біразы жалған болып шықты. Мәселен, 24 жастағы бойжеткен Түркістанға зиярат етуге бармаған. Ол Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.
Еске салайық, күні кеше Түркістан қаласындағы кесене маңында жас қызды зорлау оқиғасы тіркелген еді. Күдікті алдымен бойжеткеннің телефонын тартып алып, оңаша жерге сүйреп апарған. Сөйтіп арам ойын іске асырмақ болған. Киімін шешіп, зорлық көрсетпек болғанда жәбірленуші қашып құтылған. Оны көргендер тез арада полиция мен жедел жәрдем қызметін шақыртып, бойжеткенге медициналық көмек көрсетті.