​Майонез қабырғаға сызылған дақтарды жақсы кетіреді

0
840

Егер тоңазытқышта майонез болатын болса, крем іздеп әуре болмаңыз.


​Майонез қабырғаға сызылған дақтарды жақсы кетіреді

Майонезді тағамға ғана емес үй-тұрмыста да пайдалануға болады.


Тері мен тырнақ күтіміне

Егер тоңазытқышта майонез болатын болса, крем іздеп әуре болмаңыз. Майонез теріні өте жақсы ылғалдандырады. Ол үшін майонезді керек жерге уқалай отырып жағу керек. Міндетті түрде әсері болады.


Қарындаштың ізін жояды

Балалар қабырғаға сурет салуға өте құмар. Балалардың қабырғаға қарындашпен салған суреттерін кетіруге майонез жақсы көмектеседі. Ол үшін сызылған жерге майонез жағып 10-15 минутқа қалдырасыз, кейін сулықпен сүртіп аласыз. Қабырғаңыз тап-таза болып шыға келеді.


Шашқа арналған маска

Майонез теріні ылғалдандырып қана қоймайды, сонымен бірге шашқа да жақсы көмектеседі. Оның құрамындағы май мен қыша шашқа өте жақсы көмектеседі. Ол үшін бар болғаны майонезді шашқа молынан жағып, қалташа киіп аласыз. 15 минуттан кейін шашты жылы сумен шайып, артынан сусабынмен жуып тастайсыз. Шаш жұмсарып, ерекше жылтырайтын болады.


Есік топсаларын майлау

Үйдегі есік терезелердің топсасының сықырлағанын майонез жағып басуға болады. топсаға азырақ тұздық жағып, сықыры басылғанша ашып-жауып жібересіз болды. Ал артық майонез қалған болса сүртіп аласыз.


Болаттан жасалған заттардағы дақтарды кетіру

Ол үшін бар болғаны сулыққа азырақ майонез құйып болаттан жасалған затыңызды ысқылап сүртесіз. Қолдың ізі, су мен сабыннан қалған айғызданған іздер бірден жоқ болады. Затыңыз дүкеннен жаңа алынғандай жарқырап шыға келеді.


Смола мен мазутты жаққсы кетіреді

Егер қолыңыз смола, мазут немесе сол тектес заттармен былғанып қалса, онда майонез жағып кетіре аласыз. Ол үшін майонезді қолға жағып ысқылап 5-7 минут қалдырасыз. Кейін жақсылап жуып-шайып тастайсыз.


Шашқа жабысқан сағызды тез алады

Шашқа жабысқан сағызды майонезбен тез-ақ алып тастауға болады. Сағыз жабысқан шаш бөлігіне майонез жағып 5-10 минутқа қалдырып қою керек. Кейін жуып, тазалап тастайсыз.


Жабысқақ таспа ізін кетіреді

Жабысқақ таспа ізін кетіре алмай әуреге түскен болсаңыз, онда ол іске майонез жақсы көмектеседі. Көп уақыт пен күшті қажет етпей, жылдам кетіреді. Қажетті жерге қалың етіп майонез жағып қойыңыз, 15-20 минуттан кейін ысқылап, тазартып аласыз.


Биттен тазартады

Қазір биттейтін шаштар аз шығар, дегенмен кейде балабақша, мектептен балалрдың бит жұқтырып алатыны бар. Одан арылудың түрлі құралдары шыққанымен кейбірі зиянсыз дей алмаймыз. Ал майонез табиғи, ешқандай кері әсері жоқ. Бар болғаны жатарда биттеген шашқа молынан майонез жағып, орамал таңып қойыңыз. Таңертең жақсылап тарап, жуып аласыз.


Жиһаз бетіндегі су іздерін кетіреді

Жиһаз бетінде, әсіресе асүйдегі жиһаздарда су іздері қалып, айғызданып, оңайлықпен кете қоймайды. Бұл жерде де майонез керемет көмекші бола алады. Ол үүшін майонезді дақ тұрған жерге жағып, 48 сағатқа қалдырасыз. Екі тәуліктен соң сүртіп, тазартып аласыз.

Сондай-ақ жиһаз бетіндегі сызылған іздерді кетіруге де майонез пайдалансаңыз болады. Майонезді сызылған жерге жағып 1 тәулікке қалдырасыз. Кейін сүртіп аласыз.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.