1.Әзіл-қалжыңды жақсы қабылдай біледі Әзіл-қалжыңды түсіне білетін жігітпен әңгімелесу жағымды әсер қалдырады. Онымен қоймай, қалжыңбастық және өзіне бағытталған әзілді қабылдай білу жігіттің маңдай бөлігіндегі ми қабығының жақсы жұмыс істейтіндігінен хабар береді. Ал, көшеде құлап қалған адамға қарап ішек-сілесі қата күлген жігіттен, бойыңызды аулақ салуға асығыңыз.
1.Әзіл-қалжыңды жақсы қабылдай біледі
Әзіл-қалжыңды түсіне білетін жігітпен әңгімелесу жағымды әсер қалдырады. Онымен қоймай, қалжыңбастық және өзіне бағытталған әзілді қабылдай білу жігіттің маңдай бөлігіндегі ми қабығының жақсы жұмыс істейтіндігінен хабар береді. Ал, көшеде құлап қалған адамға қарап ішек-сілесі қата күлген жігіттен, бойыңызды аулақ салуға асығыңыз.
2. Ол ас әзірлей алады
Аспаз болмаса да, өзінің ұнатып әрі дәмді етіп дайыкдайтын тым болмағанда 2-3 түрлі ас мәзірі болады. Бұл жігіттің жауапкершілігі жоғары, ақыл-ойының кемелдігінің белгісі.
3.Компьютерлік және құмар ойындарды ойнамайды
Кез келген адамның қызығушылықпен атқаратын ісі болатыны секілді, әр жігіттің де өзіне тән қызығушылығы болуға тиіс. Ал ол қызығушылығының шеңберінен шыға алмай, соңына түсіп, құмар ойындар мен компьютерлік ойындар ойнауға қатты құмар болу психологияның әлсіздігінен ақпар береді.
4.Мәселе туындаса, кінәлі адамды емес, мәселеден шығу жолын іздейді
Мәселе туындай қалса, күйгелектікке салынып, тіпті соның салдарына айналасындағы адамдарды кінәлауға емес, керісінше мәселені шешуге талпынады.
5. Жүйелі сөйлей алады
Ол көңіл-күйінің ықпалына қарап сөз сөйлемейді. Қатты ашуланып тұрса немесе қуаныштан алып-ұшып тұрса да айтар сөзін жеті рет ойланып, сосын барып ортаға салады.
6. Тәтті жеп тұруға қарсы болмайды
Тәтті жеу арқылы оның жүйке жасушалары жеткілікті мөлшерде қорек алады деген сөз. Жүйке жүйесі жеткілікті қорек алған адам туындаған сұрақты байсалды, айқай-шусыз шеше алады.