Аспалы жолдан ақау шығып, туристер секіруге мәжбүр болды (видео)

0
1 578

​Грузияның ең танымал Гудаури тау-шаңғы курортында аспалы жолдан ақау шығып, демалушылар зардап шекті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Грузияның 1tv.ge арнасына сілтеме жасап.


Аспалы жолдан ақау шығып, туристер секіруге мәжбүр болды (видео)

Грузияның ең танымал Гудаури тау-шаңғы курортында аспалы жолдан ақау шығып, демалушылар зардап шекті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Грузияның 1tv.ge арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан 7 шетелдік турист түрлі жарақат алған. Аспалы жолдың жылдамдығы бірден артып, ондағы шаңғышылар секіріп түспек болады. Тіпті, сол сәтте сынып, жерге түскен орындықтан демалушылар шығамын дегенше екіншісі келіп соқтығысып қалған сәт желіде тарап кеткен видеода анық байқалады. Ақау салдарынан зардап шеккендердің төртеуі Ресей азаматы, екеуі украиндық. Тағы біреуі Швеция азаматы. Украина мен Швеция азаматы ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілген. Оларды арнайы тікұшақ Тбилисиге алып кетті.

Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

видео желіден алынды

ЕСКЕРТУ! видеода балағат сөздер бар!