Диеталық мәзір: Мұндай ҚҰЙМАҚ СЕМІРТПЕЙДІ

0
3 659

Дұрыс тамақтану мәзіріне қоссаңыз, нәтижесін тез байқайсыз


Диеталық мәзір: Мұндай ҚҰЙМАҚ СЕМІРТПЕЙДІ

"Диеталық" деп аты айтып тұрғандай бұл құймақтардың құнарлылығы төмен, пайдасы мол. Қарапайым құймаққа көп мөлшерде ұн, май, жұмыртқа қосылады. Ал, дұрыс тамақтануды қолға алып, арықтағысы келетіндер құймақты осындай қоспалармен пісіретін болса еш зияны болмайды. Семіріп кетемін деп қорықпайсыз.


Сұлы жармасы қосылған құймақ



Қажетті өнімдер:

50 гр. сұлы

100 гр. майсыз сүзбе

2 жұмыртқаның ақ уызы

½ шай қасық қамыр қопсытқыш

Қант алмастырғыш

100 мл майсыз сүт.


Дайындалу тәсілі:

Барлығын біркелкі қалыпқа келгенше араластырып аламыз. Содан соң табаны қыздырып, 1-2 тамшы май тамызамыз да, құймақтарды пісіріп ала береміз.


Ұн қосылмаған құймақ


Қажетті өнімдер:

200 гр. жүгері крахмалы

½ стақан сүт

2 дана жұмыртқа

Шым-шым тұз және қант алмастырғыш.

Дайындалу тәсілі:

Жоғарыда аталған қажетті қоспалардың барлығын табаққа салып, жақсылап араластырып аламыз. Содан соң қыздырылған табаға 1-2 ас қасықтан немесе ожаумен құя отырып, құймақтарды жеке-жеке пісіріп аламыз.


Айран қосылған аздыратын құймақтар


Қажетті өнімдер:

1 стақан кефир

1 дана жұмыртқа

4 ас қасық ұн (ірі тартылған ұн қосуға да болады)

Шым-шым ас содасы мен тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Алдымен табаққа айран мен жұмыртқаны салып, жақсылап араластырып алу керек. Сосын ұнды, ас содасы мен тұзды қосып, тағы бір араластырып жібереміз.

Енді дайын сұйық қамырды қызып тұрған табаға құйып пісіре береміз. Табаға азырақ май жағуға болады.


Су қосылған құймақ


Қажетті өнімдер:

1 стақан ұн

1 стақан су

1 дана жұмыртқа

Шым-шым тұз

Кез-келген қант алмастырғыш.

Дайындалу тәсілі:

Барлық қажетті қоспаларды араластырып, блендерге құямыз. Блендермен жақсылап аралластырып, сұйық қамырды қызып тұрған табаға салып пісіріп ала береміз.


Жұмыртқа қосылмаған құймақ


Қажетті өнімдер:

1 стақан ұн (цельнозерновой)

200 мл су (минералды суды пайдалансаңыз да болады)

Тұз бен ас содасы қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Алдымен ұнды електен өткізіп алу қажет. Сосын ұн мен тұзды, ас содасын бір табаққа салып, су қосып араластырамыз.

Барлығын венчикпен араластырып, біркелкі болғанда, қызып тұрған табаға құйып, пісіріп аламыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


АРЫҚТАУҒА көмектесетін ЕҢ күшті ҚҰРАЛ


Жылдың ЕҢ ҮЗДІК ДИЕТОЛОГЫнан дұрыс арықтауға арналған 3 КЕҢЕС


Қыста көп тамақ жеудің 5 СЫРЫ