Лимон қосылған кофе бір айда 5 келі салмақтан арылтады

0
1 324

Соңғы уақытта TikTok желісінде трендке айналған лимон шырыны қосылған кофе расында да салмақ тастауға көмектесе ме? Сіз мұндай сусынды ішіп көрдіңіз бе?


Лимон қосылған кофе бір айда 5 келі салмақтан арылтады


Эндокринолог дәрігерлердің берген мәлімдемесіне сүйенер болсақ, кофе мен лимон сусыны арықтауға көмектеседі. Әсіресе қан қысымы жоғары жандарға кофе ішкен өте пайдалы. Кофе мен лимон қан қысымын түсіріп қана қоймай, сергітетін әсер береді. Егер сіз кофеин зиян деп ойласаңыз, бір тілім лимон қосылғанда оның зиянды әсері азаятынын біле жүріңіз.

Алдымен кофе мен лимонның құрамына тоқталып өтейік. Ағзаның белсенді жұмыс істеуіне, семіздіктен арылуға бұл сусын қалай әсер ететінін де айтатын боламыз.

Басқа да азық-түліктер секілді кофе мен лимонның пайдалы жақтары жетерлік. Мысалы, 100 гр. кофеде 0,6 гр. ақуыз, 0,2 гр. майлар, 3,9 гр. көмірсу, 0,1 гр. тағамдық талшықтар мен 90 гр. су бар. Ал, лимонның 100 грамында 13 гр. ақуыз, 14 гр. майлар мен 4 гр. көмірсу бар екен. Дегенмен кофені демдегеннен кейін оның калориясы 1-2 ккал азаяды.

Табиғи кофеде де дәрумендер бар екенін ұмытпаңыздар. Мәселен, В1, В2 и PP сынды дәрумендерді кофеден кездестіре аласыз. Сонымен қатар фосфор, магний, хром, марганец, калий, кобальт минералды заттар да бұл сусында бар.

Кофе мен лимон сусыны тез арықтататынын қазіргі уақытта көптеген әлеуметтік желілерден көріп жүрген боларсыз. Бірақ мамандар ешқандай да ғажайыпқа сенбеңіздер дейді. Себебі семіздіктен арылуға тек қана калорияны азайту арқылы қол жеткізуге болады. Яғни, диета ұстау мен физикалық белсенділік міндетті түрде қажет. Осылайша әрекет етіп, оған хит сусынды қосатын болсаңыз, беліңіз жіңішкеріп, сымбатыңыз сымдай тартыла түседі.


Кофе мен лимон арықтауға қалай әсер етеді?


Бұрындары қарапайым су мен лимонды ішудің пайдасын естіген боларсыз. Ал, кофенің жөні бөлек. Арықтау мақсатында ішетін болсаңыз, сапасы жоғары қара кофені таңдайсыз. Осы кофеге бір тілім лимон немесе 2-3 шай қасық лимон шырынын қосып, араластырасыз. Бұл сусынның дәмі қандай болады екен, іше аламын ба деп ойланып отырсыз ба? Кофе мен лимон сусынының дәмі көп адамға ұнайды.

Енді кофенің ағзаға қалай әсер ететініне тоқталып өтейік:

Ең алдымен бұл сусынды ішкеннен кейін ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеп, зат алмасу күшейе түседі. Бұл процеске лимон да, кофе де атсалысады. Кофенің құрамындағы кофеин бойыңызды сергітіп, жүрек жұмысына оң әсер етіп, барлық зат алмасу жүйесінің жұмысы жақсарады.

Ағзаны антиоксиданттармен қанықтырады. Кофеде де, цитрусты жемісте де антиоксиданттар көп. Бұдан бөлек лимон С дәруменіне және басқа дамикроэлементтерге бай екенін естеріңізге саламыз.

Оның үстіне лимон мен кофе тәттіге деген құмарлықты басып, күш-қуатты арттырады. Алайда кофені толықтай тағамның орнына ішуге ешбір диетолог кеңес бермейді.


Кофе мен лимон қосылған сусынды кімдерге ішуге болмайды?

Кофе мен лимон сусынын жүрек жұмысында бұзылыстары бар жандарға ішу ұсынылмайды. Ал, жүрегіңізде ақау болмаса күніне 2-4 кеседен артық ішуге болмайды. Егер кофені арықтаймын деп көп ішіп қойсаңыз, жүрекке салмақ түсіп, қан қысымын көтеруі ғажап емес. Сондай-ақ, кофені ашқарынға ішуге болмайтынын да ескертеміз. Сонымен қатар ұйқыңыз қашып, өзіңізді жайсыз сезінетін болсаңыз, кофе ішуді уақытша тоқтата тұру керек.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Құлпынаймен 4 күнде 2 келі салмақ тастауға болады