Алматылық студент "Орел и Решка" жасырған 100 долларды тапты

0
2 317

Бөтелкені 18 жастағы студент Тамерлан Дүйсембин тапты.


Алматылық студент

ERNUR.KZ. Алматылық студент "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушілері жасырған 100 долларлық купюрасы бар бөтелкені тапты. Ол "қазынаны" тревел-шоудың Қазақстан туралы бөлімі шыққаннан кейін бірден тауып алған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бағдарламаның Қазақстан туралы эпизоды қаңтардың ортасында шықты. Онда Настя Ивлеева мен Юлия Коваль Алматы мен Алматы облысының көрікті жерлерін көрсеткен болатын.

Бағдарлама дәстүрі бойынша, жүргізушілер 100 доллар мен хат салынған бөтелкені жасырды. Ол "Есентай көгалдары" саябағында екені айтылды, нақты координаттар да көрсетілді.

Бөтелкені 18 жастағы студент Тамерлан Дүйсембин тапты. Жігіттің айтуынша оның бағы бар, өйткені "қазына" үйінің жанында жасырылған.

"Мен ол жерге бірнеше минутта жеттім, арнайы белгінің астынан қазынаны таптым. Бірте-бірте басқа адамдар да келе бастады, бірақ мен оларға олжамды көрсетуге батылым жетпеді, өйткені артымнан қуа ма деп жағымсыз жағдайлардан қорықтым", - дейді Тамерлан.

Жігіт 100 долларын сақтап қоятынын айтты, қазір ол Еуропаға саяхаттау үшін ақша жинап жүр екен. Бөтелкеде хат та болған. Онда құттықтау сөзі мен пошта жазылған, оған бөтелкенің суретін жіберу керек.