Ақмолада жоғалған бойжеткен туралы ақпаратты білетіндерге 1 млн теңге беріледі

0
1 247

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Аршалы ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назимахон Вахоббоеваның туыстары ол туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы белгілеп отыр.


Ақмолада жоғалған бойжеткен туралы ақпаратты білетіндерге 1 млн теңге беріледі

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Аршалы ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назимахон Вахоббоеваның туыстары ол туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы белгілеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай 2018 жылдың 19 сәуірінде сағат түнгі сағат 12-лер шамасында Аршалы аудандық ІІБ 2000 жылы туған Назимахон Нуриддинқызы Вахоббоеваның із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат түскен болатын. Арызданушы Жібек жолы ауылының тұрғыны жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, Назимахон 18 сәуірде сағат 15.00 шамасында үйінен шығып, дүкенге кеткен. Содан қайтып оралмаған. Екі апта бойы іздеу шаралары нәтиже бермегендіктен туыстары оны көрген білген адамдар болса, 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге дайын екенін айтуда.

Бұл туралы қыздың туыстары әлеуметтік желіде жазды. «Үстіне қара көк түсті шалбар. Қара көк түсті ақ жолағы бар джемпер. Қысқа жеңді жейде. Қандай да бір ақпарат немесе көрген, білген адамдар болса, 8 778 001 6083, 8 777 867 2121 телефон нөміріне хабарлассын. Біз оны таппай іздеуді доғармаймыз. Қызымыз Назиманың мекенжайы туралы шынайы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы белгілеп отырмыз. Сонымен қоса, анонимділікті сақтауға кепілдік жасаймыз», - деп көрсетілген хабарламада.

Ал, облыстық ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Әзірге, нәтиже жоқ. Іздестіру шараларына еріктілерде тартылуда.

«Жедел іздестіру шарасы барысында Н.Вахоббоеваның жоғалғанға дейін Целиноград ауданындағы Малотимофеевка ауылында әке-шешесімен бірге тұрып келгені анықталды. Қазіргі кезде арнайы іздестіру тобы құрылды. Сонымен қатар, Астана, Аламаты қалалары мен барлық облыстардың ІІД мен ІІБ ескерту жарияланды. Іздестіру шараларына еріктілер де тартылуда», - деп түсіндірді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.