​«Көшеде осылай жүрсек, қалай қарайсыздар?» (видео)

0
9 448

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бір топ қазақ қыздары көпшілікке сауал жолдады. Видеода олардың қазақтың ұлттық киімін киіп, шашатарын қос бұрым етіп өріп көшеде кетіп бара жатқандары байқалады. Сондай-ақ, «Қазақ қыздары көшеде осылай жүрсе, қалай қарайсыздар?! Әдемі ғой, иә?!» дейді қыздардың бірі.


​«Көшеде осылай жүрсек, қалай қарайсыздар?» (видео)

иллюстрациялық фото: infourok.ru

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бір топ қазақ қыздары көпшілікке сауал жолдады. Видеода олардың қазақтың ұлттық киімін киіп, шашатарын қос бұрым етіп өріп көшеде кетіп бара жатқандары байқалады. Сондай-ақ, «Қазақ қыздары көшеде осылай жүрсе, қалай қарайсыздар?! Әдемі ғой, иә?!» дейді қыздардың бірі.

Бейнежазба авторы мұны әлеуметтік желіге салған.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі қазақ қыздарының бұл ісін қолдаған.

«Кереметсіздер! Қыздарым-ау, Наурыз тойында бір күн киесіздер де шешіп тастайтындарыңыз ұнамайды. Қазақы ою-өрнекпен кез келген киім тіктіріп киюге болады. Осы болашақ жастары дизайнерлерге осындай киімге тапсырыс беру керек», «Керемет караймыз!» «Айналайындар-ай. Сендердей болса, кəнеки. Əдемі болғанда қандай!» «Керемет, негізі осылай журу керек, қазір қазақ киімдерінің неше түрлі нұсқасы бар ғой. Неге киіп журмеске?! Тамаша! Ал орамал ол тұрмыс құрғанда киіледі гой. Келіншектерге. Жас қыздар шашбаумен жүрсе, тіпті жарасымды!»

Пікір арасында бұған қосымша орамал тағып жүру де айтылған. «Орамалың жоқ болса әдемілігіңнен не пайда?» «Орамал тек үйленген жағдайда тағылады» «Қазақ қызы орамал салмайды басына, тек тұрмысқа шығып беті ашылған күні салады» деп өзара пікірталас жасағандар да болды.

Пікір жазғандар арасында «Олай жүре алмайды ғой, бастарыңды қатырып қаитесіңдер», «Сөитіп күнде жүре алмай тұрсыңдар ғой, қыздар-ау» дегендер де болды.

Видео әлеуметтік желіден алынды