Қытайлық қандастар қазақстандық алаяқтың құрбаны болды

0
375

Азаматтар делдалға Қытайға арнайы бортпен оралу үшін 600 мың теңгеден берген.


Қытайлық қандастар қазақстандық алаяқтың құрбаны болды

ERNUR.KZ. Этникалық қазақтар – Қытай азаматтары қазақстандық алаяқтықтан зардап шекті. Алматыдағы аудандық сот ғимаратына қырыққа жуық адам келіп, осы қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды жауапқа тартуды талап етті. Азаматтар делдалға Қытайға арнайы бортпен оралу үшін 600 мың теңгеден берген. Бірақ рейстің жоқ екені белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Қытай азаматы Тоқтар өзінің тегін айтқысы келмеді. Ол Қазақстанға пандемиядан бұрын келген. Шекаралар жабылған кезде ол туыстарымен бірге тұруға мәжбүр болды. Ақпан айында таныстары арқылы Қытайға оралуға көмектесетін делдалдар туралы білген. Ләйлә есімді әйел белгілі бір ақыға құжаттарды рәсімдеуге көмектесетінін барлығын Қытайға арнайы рейспен жіберетінін жазған.

“Мен және басқа адамдар оған 650 мың теңгеден төледім. Бірақ сол күйі үйге қайта алмадық. Осыдан кейін көп қиындықтар болды, көбісі ауырып, ауруханада жатты. Менде виза мерзімі өтіп кетті, айыппұл төлеуге тура келді”, – дейді Тоқтар.

Зардап шеккендер полицияға арыз жазған. Қазір Қытай азаматтарына құқықтық қорғау орталығының заңгерлері көмектесуде. Мамандар мәселеге тек полицейлердің ғана емес, екі елдің дипломатиялық корпус өкілдерінің де назар аударуын сұрайды.

Алматы полиция департаменті қылмыстық істің "аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша ашылғанын хабарлады. Басты күдікті ұсталды. Әйелдің Алматы орталығында кеңсесі болғаны анықталды.

Ал сыртқы істер министрлігі пандемия басталғалы бері Қазақстанда Қытай азаматтары үшін арнайы бортты тек ҚХР СІМ ұйымдастырғанын мәлімдеді. Бірақ бұл елмен шекаралар әлі де жабық.