Петропавлда өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен хат қалдырған

0
2 448

Шымкент қаласының тумасы.


Петропавлда өз-өзіне қол жұмсаған бойжеткен хат қалдырған

ERNUR.KZ. Петропавлда салынып жатқан көп қабатты ғимараттан секіріп кеткен бойжеткен хат жазып қалдырған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 8 наурыз күні Петропавл қаласында болды. К.Сүтішев пен Пушкин көшелерінің қиылысында құрылысы бітпеген 13 қабатты үйден 18 жастағы Мәлика Әлібек құлап, қаза тапты. Марқұм М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс студенті. «Серпін» бағдарламасымен келген бойжеткен грант бойынша медицина мамандығына оқып жатқан.

Көп қабатты ғимараттан секіріп кеткен өрімдей қыздың неліктен өмірмен қоштасуға бел байлағаны әзірше белгісіз. Құрбылары мен жақындары оның артынан хат қалдырғанын айтуда. Сол күні Мәлика таңғы тоғыздар шамасында жатақханадан шығып кетіп, қайтып оралмапты.

«Шымкент қаласының тумасы. 8 наурыз күні өзі тұрып жатқан жатақханадан шығып кеткен. Содан кейін бізге осындай «қайғылы жағдай болды» деген хабар келді. Жалпы қасында тұратын қыздардың барлығынан сұрастырдық. «Бұрын ондай қылығын байқаған жоқпыз», - дейді. Кеше әкесі келді осында, ағасы екеуі. Сөйлестік, жағдайды айтып түсіндірдік. Әзірге осы білетініміз», - дейді М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлан Байымбетов.

Проректордың айтуынша, Мәлика Әлібектің сабақ үлгерімі жақсы болған. Қоғамдық және спорттық шараларға қалмай қатысқан екен. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.