ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН бала қалтырай бастаса не істеу керек?

0
51 307

Баланың қызуы көтерілгенде есте сақтауға тиіс 6 кеңес


ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН бала қалтырай бастаса не істеу керек?

Бала ауырды дегенше, ата-анасынан сабыр кетті деген сөз. Әсіресе, ол әлі тілі шықпаған сәби болса, тіпті қиын. Қай жері ауырып жатқандығын айта алмайды. Әсіресе, аналарды ең бір әбіржітетін кезі – ыстығы көтерілуі.


1. Мұндайда ата-аналар нені есте сақтау керек?

Ең бастысы – абыржып, байбалам салудан аулақ болу. Терең тыныстап, өзіңізді сабырға шақырыңыз. Сонда баланың жайын жасау және нені болса да қателікке ұрынбай дұрыс жасауға сабырлы болудың септігі көп.


2. Баланың ыстығын қалай және қашан түсіру керек?

  • Баланың температурасы 38 градустан жоғары болғанда түсіру керек.
  • Температураны түсіру үшін ешқашан да аспиринді қолдуға болмайды. Әсіресе, желшешек (ветрянка) шыққан кезде абай болған жөн.
  • Баланы шешіндіріңіз, қабаттап киім кигізуге болмайды. Бөлменің ауасы да қоңыр салқын әрі таза болуы керек.
  • Спиртпен немесе сірке суымен ысқылауға болмайды. Әсіресе, нәрестелердің ыстығы көтерілгенде уланып қалу қаупі тым үлкен.


3. Ыстықты түсіретін дәріні бергенде нені есте ұстаған жөн?

  1. Кез келген дәрі-дәрмектің нұсқаулығын міндетті түрде оқып, оны балаға беру үшін міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз.
  2. Қасыбір дәрі болмасын, көбіне баланың салмағына орай және күніне қанша рет беретіндігі нақты жазылады. Егер жоқ болған жағдайда, дәрігерден сұраңыз. Күніне мөлшерленген шамадан артық беру бала денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
  3. Ыстықты түсіретін дәрілердің әсер ету уақыты шамамен 1-1,5 сағат. Онда да 1-1,5 градусқа төмендетеді әдетте. Дәрі берген соң қалыпты температурасы қайта орнына келеді деп күтудің жөні жоқ.


4. Нені жасауға БОЛМАЙДЫ?

  • Температурасы көтеріліп тұрған баланың денесіне салқын нәрсені басуға болмайды – бұл терідегі қан тамырларының түйілуін (спазм) болдыруы мүмкін.
  • Егер терінің температурасы түссе, ішкі ағзалардың температурасы көтеріледі. Бұл қауіпті.


5. Қалтырай бастаса не істеу керек?

  • Температура көтерілгенде қалтырау – ағзаның инфекцияға қарсы қорғаныс механизмі арқылы жауап беруі.
  • Мұндай кезде МӘН БЕРІҢІЗ! Егер баланың терісі қызғылт әрлі ылғалды болса, ағзаның жылу бөлу және өткізу жүйесі бұзылмағанын білдіреді. Ал егер жоғары температура кезінде баланың терісі бозғылт, аяғы мен қолы мұздай болса, сонымен қатар қалтырап жатса, дәрігерге жөнеліңіз.
  • Сондай-ақ, қолы мен аяғын уқалап, көмектесіңіз. Қан тамырлар түйілгенде ыстықты түсіретін дәрілер толықтай әсер ете алмайды.Жедел түрде «жедел жәрдем» шақырыңыз.


6. Қандай дәрі таңдаған дұрыс?

  • Ыстықты түсіретін дәрілердің түрлері – сұйық, шәрбат, түйір дәрі және балауыз (свечи) болып келеді.
  • Әр түрінің әсер ете бастау уақыты бар. Мәселен, сұйық немесе шәрбат түріндегілері 20-30 минуттан соң әсер ете бастаса, балауыз – 30-45 минутта әсер етеді.
  • Балауызды бала сұйықтық іше алмаған жағдайда және түнгі ұйқыға жатарда қолданған ыңғайлы. Міндетті түрде үлкен дәретке отырған соң салу нәтиже береді.

Дайындаған: Қырмызы Сауран,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ТІСТІ таңғы астан БҰРЫН жуу керек пе, әлде астан СОҢ жуған дұрыс па?

Адам ағзасындағы ең маңызды мүше – ЖҮРЕК ЕМЕС!