​ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

0
18

Біліктілік арттыру бағдарламасы аясында мамандар «Неонаталды хирургия», «Балалар хирургиясы», «Балалар хирургиясындағы эндоскопиялық оталар» секілді маңызды тақырыптарды терең меңгерді.


​ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың 19 қызметкері Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы клиникалық базаларының бірі – Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде кәсіби біліктілігін арттыруда.

Біліктілік арттыру бағдарламасы аясында мамандар «Неонаталды хирургия», «Балалар хирургиясы», «Балалар хирургиясындағы эндоскопиялық оталар» секілді маңызды тақырыптарды терең меңгерді. Бұл тәжірибе шымкенттік дәрігерлерге заманауи тәсілдерді игеріп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл соңына дейін тағы 33 маман Литва және Беларусияның жетекші клиникалық базаларында оқытылады. Олар «Акушерліктегі шұғыл көмек», «Акушерлік-гинекология тәжірибесіндегі ультрадыбыстық диагностика», «Онкологиялық патологиядағы паллиативті көмек», «Торакалды хирургия» тақырыптары бойынша білім алады.
Айта кетейік, 2024 жылы да шетелдік клиникалық орталықтарда 46 маман кәсіби деңгейін көтерген болатын. Бұл жұмыстар медицина саласында халықаралық тәжірибені кеңінен енгізуге және білікті кадрлар қатарын нығайтуға септігін тигізуде.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта да отандық медицина мамандарының үздік шетелдік орталықтарда тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды жалғастыратын болады.
Бөлісу