Шымкентте 89 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

0
398

Егу науқаны басталғалы барлығы 595 321 адам вакцинацияланды.


Шымкентте 89 мыңға жуық адам ревакцинацияланды

Шымкентте соңғы тәулікте коронавирустың 26 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 15, белгілері жоқ – 11), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 3 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 23 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған орын инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 35% - ды құрайды, 578 төсек бос. Инфекциялық стационарда 305 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –135 төсек орын бар, 55 науқас ем қабылдауда.
Егу науқаны басталғалы барлығы 595 321 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 581 964 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 38 489 адам, II компонентін 15 034 адам қабылдады.
Сондай-ақ , 88 880адам ревакцинацияланды.