Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласы Абай ауданының аумағында 23 жастағы азаматшаның мәйіті табылғаны бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1990 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, осыдан алдын жалдамалы пәтерден бойжеткеннің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.