Сонымен қатар, арыстық кәсіпкерлерге 1%-бен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетін болады.
Арыстық отбасындағы әрбір адамға, яғни 44 мыңнан астам тұрғынға 1 айдың ішінде Үкіметтен 100 мың теңгеден берілетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұдан өзге, Арыс қаласындағы бірнеше өзекті мәселе шешімін таппақ. Бұл туралы Преммьер-министр Асқар Маминнің бүгінгі Арыс қаласына сапары кезінде мәлім болды.
Үкімет басшысының айтуынша, әскери қару-жарақ қоймаса 2 аптада көшіруді бастайды. Қала 1 айда толық жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, арыстық кәсіпкерлерге 1%-бен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетін болады.
Қала 2 жылдың ішінде толық газдандырылады. Үкімет басшысы Арыс қаласында жаңа аурухана салынып, 4 мыңнан астам бала жазғы демалысқа баратынын баяндады.
Айта кетейік, бүгін Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі А.Мамин келіп, облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және Көктем шағынауданындағы И.Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, күні кеше үйлеріне оралған арыстықтармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.