ТҮРКІСТАН: Облыста "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

0
1 350

Шара 21-27 қазан аралығында өтеді.


ТҮРКІСТАН: Облыста

Түркістан облысы полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 1718 жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21-27 қазан аралығында Түркістан облысы аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Түркістан облысы ПД ЖПҚ қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастырды.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу басталған екі күн ішінде облыстың автожолдарында 1718 жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтады, соның ішінде 104 қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған. мас күйінде автокөлікті басқару анықталған. Полиция қызметкерлері жылдамдықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 46 жүргізушіні тартқан. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 10 жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 99 жайт және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 14 дерек анықталды. Көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 215 жүргізуші жазаланды және 251 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар айқындалды. Сондай-ақ, 32 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 228 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шаралары қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде жүргізіледі. Мысалы, Қазығұрт ауданында жалпы 17 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында автокөлік жүргізушілеріне міндеттемелер таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, аудандық полицейлер көлік жүргізушілеріне мас күйде көлік жүргізбеу, жол қиылысындағы ережені бұзбау, рұқсат берілген жылдамдықтан асырмау, қарсы бағытқа шықпау, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау сияқты жол ережелерінің сақталуын басты назарға алып, рейдтік шара өткізуде.