Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдары түсіндірілді.
Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Гүлжан» сауда орталығында мемлекеттік қызметті алу жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жәрмеңке барысында корпорация қызметкерлері келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Жәрмеңкеге қызыға қатысушылар саны 200-250 ге жуықтады. Сонымен қатар онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.
Қызмет алудың оңай әрі жылдам түрі @EgovKzBot Telegram-бот мессенджері арқылы алу.
Естеріңізге саламыз, мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.
Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Бүгінгі күні @EgovKzBot – арқылы 25 түрлі қызметтерді алуға қол жетімді.
Айта кетерлік, алдағы уақытта осы тұрғыдағы жәрмеңке аудандағы барлық ауылдық округтерде жүргізілетін болады.