22 мың вирус зерттелген: АҚШ Ухань қаласындағы вирусқа қатысты мәліметті қолға түсірді

0
505

Деректер қазір АҚШ-тың Энергетика министрлігіне қарасты суперкомпьютерлер арқылы сарапталып жатыр.


22 мың вирус зерттелген: АҚШ Ухань қаласындағы вирусқа қатысты мәліметті қолға түсірді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Барлау қызметі Ухань Вирусолигия институтының зертханасындағы вирустар туралы генетикалық мәліметтерге қол жеткізді, деп хабарлайды Хабар24.

Американдық ақпарат құралының мәлімдеуінше, тыңшы мамандар зерттеуге тікелей қатысы бар серверлерді бұзып кірген. Жалпы аталған мәліметтер базасында Ухань зертханасында зерттелген 22 мың вирус туралы ақпарат бар. Бұл мол дерек қазір АҚШ-тың Энергетика министрлігіне қарасты суперкомпьютерлер арқылы сарапталып жатыр. Бірақ қосалқы жазбалар қытай тілінде жазылғандықтан талдау жұмысы тиісті деңгейде жүрмеуде.