​Диетада жүргенде ең бірінші қай жер арықтайды?

0
1 402

Зерттеулерге сүйенер болсақ, әйелдерде көбіне бет пен қарын майлары кете бастайды екен.


​Диетада жүргенде ең бірінші қай жер арықтайды?


Үнемі диетада жүретін жандар тағам калориясын азайтқаннан кейін өз денелерінің дәл қай жерінен бастап арықтайтынын жақсы біледі. Ал дидетаны енді ғана бастағандарға бұл сұрақ қызықты болуы мүмкін. Алайда мамандардың айтуынша әр адам әртүрлі болғандықтан арықтау процесінде де олардың белгілі бір жерлері арықтайды деп айту қиын. Мысалы, бір жандардың ең алдымен бөксесі кішірейе бастаса, енді бірінің беті кішірейеді. Сонымен қатар, белі шығып, аяғындағы май қабаттары бірінші жойылатын адамдар да табылады.

Дегенмен дәрігерлер нақты жауап айтпаған екен. Әр адамның денесі де, қарым-қабілеті де, еткен әрекеті де бір-біріне ұқсамайтындықтан, оның нәтижесі де біркелкі болмасы анық деген пікірде. Бұдан бөлек, шетел дәрігерлері қандай да бір дене мүшесін арықтататын ешқандай жаттығу да, ешбір диета да жоқ екенін тілге тиек еткен. Бірақ ер-азаматтар көбіне қарындағы майды жоғалтатынын мәлімдеген болатын.

Жалпы әйелдер қауымының азғасында эстроген гормоны көп болатынын білесіздер. Бұл гормон - май түзетін ферменттерді белсендіретін қасиетке ие. Сондықтан да болар нәзікжандылар семіруге бейім келеді. Ал еркектер ағзасында керісінше сол түзілген май қабаттарын ыдырататын ферменттер көп. Сол себепті де ер-азаматтар тез арықтайды.


Көбіне қыз-келіншектердің қай жері бірінші арықтайды?

Жоғарыда айтып өткеніміздей әр адамның семіруі де, салмақ тастауы да әртүрлі болады. Алайда зерттеулер нәтижесіне үңілер болсақ, әйелдердің көбінің беті мен қарнындағы майы кете бастайды екен. Сондай-ақ, барлық қыз-келіншектер ең алдымен арықтауды жоғарғы жағынан бастайды. Мысалы, бірінші беті, сосын қолы мен кеудесі, қарындағы май, соңында бөксе айналасындағы майлардың ыдырайтыны белгілі.


Неге ең алдымен бет арықтайды?

Арықтау ең алдымен тері астына жиналған майлардың жиырылуынан басталады. Бетте мұндай май қабаттары көп болмайтындықтан бірінші болып беттің арықтағаны байқалады. Кей жағдайларда тіпті керісінше болуы да ғажап емес. Дене бірінші арықтап, беттің кішіреюі қиындайды. Иә, мұндай жандар да өмірде бар көрінеді. Бір айта кететін жайт, егер бет арықтамайтын болса, оған екі себеп болуы мүмкін:

Бет пішініңіздің жаратылысы сондай болса және де беттегі ісіктің әсерінен де осылай болуы ғажап емес. Мұндай жағдайда жүрек-қан тамыр жүйесі мен бүйректі, қалқанша безін медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз дұрыс.


Жарнамаға сеніп қалмаңыз

Қазіргі кезде «дененің белгілі бір жерін ғана арықтатуға көмектеседі» деп айқайлатып жарнама жасап жатқандар өте көп. Бұған сеніп қалып жатқандар да аз емес. Сіз де сондай жарнаманың біріне сеніп, олар ұсынған препараттарды қабылдап үлгерген боларсыз. Бірақ дәрігерлердің айтуынша денедегі артық майларды бірден жою немесе белгілі бір органдағы майды кетіру мүмкін емес. Сол себепті де сабыр мен әрекетті қатар алып жүріп, діттегеніңізге жете аласыз. Жалпы салмақ түсе бастағанда ғана тері астындағы майлар да ыдырай бастайтынын естен шығармаңыз.

Келісті фигураға қол жеткізудің формуласы мынау – тағам калориясын азайту және спортпен шұғылдану. Ал жаттығуларды таңдағанда дененің барлық мүшесіне әсер ететін түрін таңдау керек. Ендеше белгілі бір аймаққа ғана әсер ететін жаттығуларды бүгіннен бастап тоқтатып, оның орнына бүкіл денеге бірдей әсері бар жаттығулармен шұғылданыңыз. Іске сәт!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДИЕТАЛЫҚ ТАҒАМ: пеште піскен картоп