Тамақтану уақытын реттесеңіз сізге ешқандай вирус та, артық салмақ та жоламайды.
Елді індет жайлағанда ғана емес, денсаулықты сақтау үшін де, тіпті, артық салмақ қоспау үшін де дұрыс тамақтану, әсіресе, оны уақытымен ішу аса маңызды. Диетологтардың кеңесіне көз жүгіртсеңіз, алдымен тамақ ішу уақытын бірінші орынға қояды. Демек, күн сайын белгілі бір уақытта тамақтану қандай жағдай болмасын, нәтижесін береді.
Ендеше, тамақтанудың уақыты қандай болғаны дұрыс?
Таңғы ас ішу уақыты
Таңғы асты сағат 10-ға дейін ішіп алуға тырысыңыз. Өйткені екі сағаттан кейін тіскебасар жейсіз. Сондықтан да 10:00-ге дейін жүріп алмай, ертерек тамақтанып алған дұрыс.
Таңертең көмірсулар мен ақуызға бай тағамдарды дайындаған абзал. Сонымен қатар, азырақ майлы тағамдарды да қосуға болады.
Таңғы асты қалағаныңызша жесеңіз болады. Тоя тамақтануға ешқандай кедергі жоқ. Әсіресе күні бойы белсенді жұмыс істейтін болсаңыз, таңертең құнарлы тағамдарды жей аласыз.
Оның үстіне ұйқдан тұрғаннан кейін адам ағзасындағы ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істейді. Түске дейін барлық жегеніңіздің сіңіріліп кететініне күмәніңіз болмасын.
Тіскебасар уақыты
Таңғы ас ішкеннен кейін екі сағат өтсе, тіскебасарды жей беруіңізге болады. Тіскебасарға: жаңғақтар, кептірілген жемістер, сүзбе жеу ұсынылады.
Мысалы, жаңғақтың құрамында май көп екені белгілі. Бірақ бұл майлар семіруге жол бермейді.
Түскі ас уақыты
Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша түскі асты сағат 13:00-ге дейін ішіп алу керек екен. Ал, түскі ас ішуге ең қолайлы уақыт шамамен сағат 14:00.
Түскі асқа лажы барынша дәндер мен бұршақ тұқымдастардан және ақуызға бай тағамдарды дайындаған дұрыс.
Түскі асты сағат 15-00-ге дейін ішемін ғой деп созып жүріп алмаңыз. Себебі кейбір азық-түліктер түске дейінгі уақытта жақсы сіңеді.
Бесін ас
Кешкі ас пен түскі астың ортасында, яғни, түстеніп болғаннан кейін екі сағаттан соң жеңіл-желпі тіскебасар жеп алмасақ болмайды. Бесін асқа жеміс-жидектер, көкөністер сияқты пайдалы тағамды жеген дұрыс. Асқазанға ауырлық түсіретін тағамдардан бас тартыңыз.
Ал, жұмыс істейтін болсаңыз, өзіңізбен бірге осындай пайдалы тағамдарды алып жүріңіз. Сонда көше бойынан немесе дүкендерден зиянды фаст-фуд алып жеуден сақтанасыз.
Кешкі ас уақыты
Бұл ретте де уақытқа аса мән беру керектігін естен шығармаңыздар. Кешкі асты ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын ішіңіз. Асқазанға түскен тағам сіз төсекке жатқанша қорытылып үлгереді.
Статистикалық зерттеулерде кешкі асты кешкі сағат 19:00-ге дейін ішу керектігі айтылған.
Егер біз ескерткендей кешкі асты осы уақыт аралығында ішер болсаңыз, ұйқыңыз тынышталып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Ең бастысы семіздіктен арылуға қол жеткізесіз. Ендеше, арманыңыздың орындалғанын қаласаңыз, тамақтану уақытын өзгертіңіз.
Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
Тағы да оқыңыз:
10 келіге арықтауға көмектесетін ЕКІ ТҮРЛІ салат мәзірі
ЖАҢА ДИЕТА: АЙРАНМЕН әр күні 1 келі САЛМАҚ тастайсыз!