​Жаз мезгіліне арналған диеталық езбе-сорпалар

0
1 543

Жаз айларында жеңіл сорпалар арықтауға көбірек септігін тигізеді. Әсіресе пайдалы көкөністер мен қоспалардан дайындалған диеталық тағамдар салмақ тастау үшін таптырмас азық болары сөзсіз. Бүгінгі мәзірде сорпаны кәдіден дайындайтын боламыз!


​Жаз мезгіліне арналған диеталық езбе-сорпалар


Бұл көкөністің бойында В тобындағы дәрумендер мен фолий қышқылы жеткілікті. Сонымен қатар, кәдіде асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартатын пектин, жасұнық мол. Ал сорпа дайындау үшін өте жас әрі қабығы жұқа кәдіні таңдаған дұрыс.


Кәді қосылған езбе-сорпа

Қажетті қоспалар:

  • 1 дана кәді
  • Жарты бөлік сәбіз
  • Жарты бөлік пияз
  • 350 мл су
  • 1-2 дана лавр жапырағы
  • 3-4 шым-шым тұз


Дайындалу тәсілі:

  1. Сәбіз бен пияздың қабығын аршып, әдімен бірге тазалап жуамыз. Сосын алдымен кәдіні текшелеп турап алу керек. Кәдіні қаншалықты жұқалап әрі майдалап турасаңыз, қайнатуға да аз уақыт кетеді.
  2. Сәбізді де текшелеп турап алып, пиязды жұқалап тураймыз. Егер сарымсақ қосқыңыз келсе, 1 түйір сарымсақты аршып қосып жіберуге де болады.
  3. Барлық туралған көкөністерді қазанға салып, лавр жапырағын, тұзды қосып, 350 мл қайнаған су құямыз.
  4. Содан соң қазанды отқа қойып, 20 минуттай қайнатамыз. Осы уақыт ішінде көкөністер жұмсарып, пісіп шығады.
  5. Дайын сорпаның азырақ бөлігін бөлек ыдысқа құйып алып, қалғанын шұңғыл ыдысқа құясыз. Сосын осы шұңғыл ыдыстағы сорпаны блендермен езіп, дайынлап аламыз. Көкөністерді блендерге құймас бұрын лавр жапырағын алып тастауды ұмытпайық.
  6. Еззе-сорпаны ыдыстарға құйып, өзіңіздің қалауыңызбен әсемдеп, кептірілген нанмен ішсеңіз болады.


Тауық еті мен көкөністерден дайындалған езбе-сорпа


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. тауық етіт
  • 100 гр. картоп
  • 1 дана сәбіз
  • 1 дана кішірек пияз
  • 80 гр. кәді
  • 1-2 тал ақжелкен
  • Шым-шым тұз
  • 500 гр. су


Дайындалу тәсілі:

  1. Қазанға су құйып, отқа қойыңыз. Сосын картоп пен пиязды аршып, тазалап жуыңыз. Көкөністерді турап, қазанға саласыз. Қазан қайнағаннан кейін, 10 минут қайнатсаңыз жеткілікті.
  2. Кәді, сәбіз, тауық етін орташа көлемде турап, қазанға салып, 15-20 минуттай қайнатасыз. Кәдінің орнына асқабақ, брокколи қоссаңыз да болады.
  3. Азырақ тұз бен майдалап туралған ақжелкенді салып, барлығын араластырып, 1-2 минут қайнатыңыз.
  4. Осылайша дайындалған сорпаны блендермен езіп, майсыз кілегей қоссаңыз да болады.
  5. Дайын езбе-сорпаны рахаттана ішіп, сымбатыңыздың сымдай тартылуына үлес қосыңыз. Егер қаласаңыз, сорпаны кептірілген нанмен іше аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


2 аптада 4 келіге арықтататын тұнба