Тараз түбіндегі жарылыс: желіде жантүршігерлік суреттер мен видеолар жарияланды

0
1 678

Кадрлардан төтенше жағдай болған жерде тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілерді көруге болады


Тараз түбіндегі жарылыс: желіде жантүршігерлік суреттер мен видеолар жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі қолданушылары Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан өртенген өрт сөндіру машиналарының суреттерін бөлісіп жатыр, деп жазады Sputnik.kz.

Фотосуретте оқиға орнында түгі қалмай өртеніп кеткен арнайы техника мен жеңіл көліктер көрініс тапқан. Сонымен қатар әскери қойманы сөндіруге тырысқан құтқарушылардың видеосы таралды.

Қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында болды. Алдымен әскери бөлімнің қоймасынан өрт шыққан. Артынша бірнеше жарылыс болды. Қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталғаны анықталды.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары шұғыл Тараз қаласына эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша төтенше жағдай салдарынан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлім, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар.