Жамбыл облысында тоқтап тұрған пойыз жолаушыларына билет құны қайтарылады

0
857

​Жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін теміржол билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады.


Жамбыл облысында тоқтап тұрған пойыз жолаушыларына билет құны қайтарылады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде жолаушыларды автобуспен тасымалдау шаралары басталды, деп жазады sputnik.kz.

"Ұлттық тасымалдаушы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін екі бағытқа автобуспен тасымалдауды ұйымдастырды. Мақсат - жол жүру билеттеріне сәйкес жолаушылардың пойызбен баратын жеріне жетуіне көмектесу", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, компания жабық пойыздарға жол жүру ақысы толығымен қайтарылатынын жеткізді.

Атап айтқанда:

  • жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құнының 100%;
  • келісілген пойыздарға жол жүру құнының 100%.

Ал сапар жарты жолда үзілген болса, жолаушыға жүрілмеген қашықтықтың ақшасы қайтарылады. Пойыздардың кешігуі үшін айыппұлдар төленбейді.

"Жамбыл жол бөлімшесінің "Тараз – Луговое" учаскесіндегі жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Шу, Луговая, Бурное, Тараз пен Сарыағаш станцияларында теміржол билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады", - дейді компания мамандары.

Барлық сұрақ бойынша вокзалдардың анықтама қызметтеріне хабарласуға болады.

Олар:
• Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15;
• Алматы-1 станциясы-1 8- 7272-96-33-90;
• Луговое станциясы 8-7263-13-61-05;
• Шымкент станциясы 8 – 7252-95-21-24;
• Тараз станциясы 8 - 7262-96-24-59;
• Шу станциясы 8-7264-36-36-82;
• Қызылорда станциясв 8 - 7242-29-21-35

Ал билеттерді қайтару бойынша түсініктеме алу үшін Whats App: 8-707-270-36-64 нөміріне хабарласуға болады.

Анықтама қызметінің бірыңғай нөмірі - 105.

"2021 жылғы 26 тамызда Тараз – Луговая учаскесінде қалыптасқан жағдайға байланысты қазіргі уақытта жолаушылар пойыздары қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Тараз – Ақшолақ" учаскесінде пойыздар қозғалысын ашу бойынша қосымша хабарланатын болады", - делінген ресми хабарламада.

Ал жергілікті полиция жолаушыларды автобуспен тасымалдау шараларын видеоға түсіріп көрсетті.