Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 20 млн теңгеден беріледі

0
672

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі айтты.


Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқан құтқарушылардың отбасына 20 млн теңгеден беріледі

ERNUR.KZ. Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады. Оған қоса сақтандыру төлемдері де бар, деп жзазады Azattyq Rýhy.

Ералан Бекхожинге «Национальный интерес» бағдарламасының студиясында берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осы жылдың тамыз айының соңында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан жандардың отбасына берілетін материалдық көмек сомасын айтты.

«Жамбылдағы жарылысқа байланысты Үкімет тарапынан қаза тапқан әрбір отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. 5 млн теңге жергілікті бюджет есебінен төленеді. Біз бір күндік жалақыны жинадық – ерікті түрде тілек білдірген қызметкерлерден арнайы шотқа аударылды. ҚР ТЖМ есебінен 5 млн теңгеден тапсырылады. Сонымен қатар, емдеуді қажет ететін балаларға көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан бізде міндетті сақтандыру жағдайы бар – бұл дегеніміз қайтыс болған адамның отбасына 60 айлық ақшалай үлес төленеді», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.