Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметкер қаза болды

0
653

Қаза болған қызметкер өрт сөндіру командасының бастығы.


Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметкер қаза болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің тағы бір әскери қызметкері қаза тапқаны белгілі болды.

"Өрт сөндіру командасының бастығы келісім-шарт қызметінің старшинасы Надирбеков Еркін Ерикбайұлы, 1992 жылғы. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарды. Жарылыс болған соң оқиға орнында қаза болады. Ол 27 тамызда таңертең орналасқан жері туралы ақпарат болмаған әскери қызметшілер арасында болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін төрт әскери адам қаза тапқаны хабарланған еді. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.