ТАҒЫ ДА ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС: Таразға таяу жерде әскери қойма жарылды

0
3 250

Жарылыс әскери бөлімде орын алған болуы мүмкін.


 ТАҒЫ ДА ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС:  Таразға таяу жерде әскери қойма жарылды

Әлеуметтік желіде жойқын жарылыстың видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видео taraz_life инстаграмм парақшасында жарияланды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзінше жарылыс Жамбыл облысындағы әскери бөлімде орын алған.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме берді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде" - деп жазылған хабарламада.
Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.