​БЕРГЕК деген не?

0
221

Оның да атқаратын қызметі, түсіндіретін мағынасы бар.


​БЕРГЕК деген не?

фото: ru.pinterest.com

Қыз баланың бас киімі. Ол кез келген қыз баласы кие беретін бас киім емес, оның да атқаратын қызметі, түсіндіретін мағынасы бар.

Бойжетіп отырған қыз басына бергек киіп жүрсе, демек, оның басы бос емес, атастырылған деген сөз.

Бұрын қызды келін болуға анасы, жеңгесі, әпкесі дайындаған. Олар «қызға қырық үйден тыю» деген тыйымды ұстанып, қыз әдебін бойына жиып тәрбиелеген.

Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасы жағдайына байланысты ерекшеленген. Тұрмысқа шыққан-шықпағанын, күйеуі қайтыс болғанын бас киіміне қарап білген. Мысалы, тұрмысқа шықпаған қыздар ешқашан орамал тақпаған. Ал сәукелені қалыңдық қана киген. Егде жастағы әйелдер әшекейсіз кимешек пен ақ жаулық тартқан.

Бергек – жаңа түскен келіншектің әшекейлі бас киімі, той өткен соң киетін сәукеленің жеңіл түрі. Оны құда түсіп, сырға салынғаннан кейін, ұзатылмай тұрып та киетін бас киім болған. Ұзатылып, сәукеле киген соң, келін болғанда сәукелені шешіп, орнына ыңғайлы бас киім бөргекті киген. Бөргекті жас келіншек балалы болғанға дейін (яғни, кимешекке ауысқанға дейін) киіп жүреді.

фото: ru.pinterest.com

Бергек - сәукеленің төбесіндегі алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы, төбелдірік. Әшекейлі қатырғыға моншақ қадаған жібек желек бекітіледі. Төбесі биіктеу, шошақ болып, желектің етегі арқасына төгіліп тұрады.

Қыз бойжетіп, отбасын құруға дайын болған кезде, қыздың үйіне жігіт жақтан «жаушы» келеді. Жаушы қызға құда түсуге келгендердің алғашқы легі, яғни болашақ құдалар болуы мүмкін. Өйткені, жаушы «сіздің қызыңыз бар, біздің ұлымыз бар, құда болайық» деп құда түсуге рұқсат сұрайды.

Жаушы болып әулеттің тілге шешен адамдары барған. Олар қызды сұрау үшін барынша әсем киініп, құда болуға ұсыныс айта келгендіктерін айқындап тұрады. Қыз жақ «құда келді» деп дастархан жаяды. Жаушы дастархан басында шаруаның жайын айтып, қызды алуға рұқсат сұрайды. Қыз жақтан рұқсат берілгеннен кейін жігіттің туыстары қыз жаққа құда түсіп, танысуға келеді.


Үкі тағу, сырға салу.

Этнограф маманның сөзіне қарағанда құдалар танысқаннан кейін, жігіт жақтың туыстары қызға үкі не сырға салып кетеді. Қазір біз білетін сырғаның орнына бұрын үкі, сырға, алқа, сақина таққан. Сосын міндетті түрде бергек кигізетін. Бергек деген - жаңа түскен келіннің әшекейлі баскиімі. Бұл «қыз тұрмысқа шығайын деп жатыр» дегеннің белгісі. Қыз ұзатылғанша өз үйінде бергекті киіп жүреді. Жігіт жақ қыздың қалың малын сырға салудан бастап ұзатуға дейін өтей беретін.

Ауқатты құдалар болашақ келініне үкі ғана тағып немесе сырға салып қана қоймай, алтын-күмістің бәрін түгел тағып кеткен. Жігіт жақ қызға сырға салуға келгенде қыздың осы рәсімге киетін көйлегін, аяқкиімін, бергегін және құдаларға арналған киітті де алып келеді.

Содан соң, қызды ұзатып алып кеткенше қыз бала басына бергегін тастамай киіп жүреді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Орамал ауыстыру» салты қай кезде орындалады?


"ЕТЕГІНЕ САЛУ" ырымын жасап, жүкті болдым"