«Салмақ тастай алмай жүрмін», «Салмағым ауырлап, 2-3 кг қосып алдым», «Не жеу керектігін білмеймін» деген ойлар сізді де мазалап жүр ме?
фото-көрнекілік: pinterest.com
Салмағыңыз күннен-күнге ауырлап, мазаңыз қашып жүрген болса, уайымдамай қоя тұрыңыз. Алдымен мәселенің шешімін тауып, әрекет жасап көру керек. Ол үшін не жеу керектігін және қандай азық-түліктерді ас мәзіріне қосуға бомлайтынын біліп алыңыз. Шынында да сіз мұны білмейтін боларсыз?!
Шексіз жей беруге болатын азық-түліктер:
- Қырыққабат
- Қияр
- Сәбіз
- салат жапырағы
- аскөк, қызанақ
- болгар бұрышы
- кәді, баялды
- саңырауқұлақ
- қызылша
- минералды су
- көк бұршақ
- шалғам, саумалдық
- қантсыз, сүтсіз шай, кофе
- қанталмастырғыш қосылған сусындар.
Жоғарыда айтылған көкөністерді шикілей немесе қайнатып, пеште пісіріп жеуге болады.
Ас мәзірінде берілген мөлшерден асыруға болмайтын азық-түліктер:
- Майсыз ет пен балық
- сүт және қышқыл сүт өнімдері
- майлылығы 30 пайыздан аспайтын ірімшік
- 5% майлылы бар сүзбе
- Картоп пен жүгері
- Горох, фасоль, жасымық
- Жармалар
- Макарон өнімдері
- Нан және нан өнімдері
- Жеміс-жидек
- Жұмыртқа.
Мына тағамдарды ас мәзіріне мүлде қоспаңыз немесе өте аз мөлшерде қолданыңыз:
- Сары май
- Өсімдік майы
- Қаймақ, кілегей
- Майлы ет пен балық
- Шұжық өнімдері
- Тауықтың майлы терісі
- Қант, бал
- Жаңғақтар, пісте
- Консервіленген ет пен балық
- Тосап, джем, Тәтті торт, кондитерлік өнімдер
- Балмұздақ
- Тәтті сусындар (Кока-кола, Фанта)
- Алкогольді ішімдіктер.
Тағы бір ескертетін жәйт, ас әзірлеу барысында өсімдік майын қоспай дайындауға тырысыңыз. Арнайы күйдірмейтін қазандарды пайдалансаңыз, майсыз дайындауға болады.
Артық салмақтан арылудың негізгі ережелері мынадай:
- Күніне 3 рет тамақтану, Тамақтану арасында 1 жеміс жеуге болады.
- Тамақты асықпай, көп шайнау керек.
- Көп тамақтанбау.
- Аш қарынға дүкенге бармау.
- Қонаққа барарда өзіңізге ұнайтын әрі диеталық тағамды үйден жеп шығу.
- Күніне 1 шай қасық тұз жеткілікті.
- Таза судың мөлшері 1,5 литрден асуы керек.
- Ер немесе балық тағамын күніне бір рет түске дейін жеу ұсынылады.
- Кешкі асты ұйқыға жатардан 4 сағат бұрын ішкен дұрыс.
Осы ережелерді сақтап, тек қана ас мәзіріне қосуға болатын тағамдарды ғана ішіп-жейтін болсаңыз, міндетті түрде артық салмақтан арыласыз. Сабырлы болыңыз, мақсатыңызға детесіз!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Апельсин мен жұмыртқа диетасы 7 күнде 5 келі салмақтан арылтады