ЗИЯНЫ жоқ, ҮШ түрлі ПАЙДАЛЫ майонез мәзірі

0
405


ЗИЯНЫ жоқ, ҮШ түрлі ПАЙДАЛЫ майонез мәзірі

Сіз күнделікті майонезді дүкеннен сатып алып жүрсіз бе? Оның құрамы зиянды консерванттар мен бояуларға толы екенін білесіз бе? Ендеше пайдалы майонезді өз қолыңызбен жасап, ағзаңызды ақуызбен нәрлендіріңіз. Бұл майонез сіздің одан әрі толысып кетуіңізге жол бермейді.


1-мәзір

Қажетті қоспалар:

  • 3 дана жұмыртқа
  • 50 мл өсімдік майы
  • 150 мл су
  • 1 шай қасық тұз
  • 1 шай қасық сірке суы немесе лимон шырыны

Дайындалу тәсілі:

Алдымен жұмыртқаны қайнатып, пісіріп аламыз. Содан соң қабығын аршып, блендерге салу керек. Жұмыртқаға барлық қоспаларды қосып, блендерді айналдырып, біркелкі массаға айналғанша араластырасыз. 2-3 минутта өте дәмді әрі пайдалы майонез де дайын болады.


2-мәзір

Қажетті қоспалар:

  • 50 мл сүт
  • 25 гр. лимон шырыны
  • 150 гр. зәйтүн майы
  • 15 гр. қыша

Дайындалу тәсілі:

Барлығын блендердің ыдысына салып, түбінен бетіне қарай блендермен араластырасыз. Сонда майонез де дайын болады.


3-мәзір

Қажетті қоспалар:

  • 1 дана қайнатылған жұмыртқаның сары уызы
  • 150 гр. сүзбе
  • 1 шай қасық қыша
  • Дәміне қарай тұз
  • 2-3 ас қасық су

Дайындалу тәсілі:

Жұмыртқаны қайнатып алып, ақ уызын сарысынан ажыратып аламыз.

Сүзбені блендермен араластырып, оған жұмыртқаның сары уызын, қыша мен тұз, бұрыш салып, жақсылап араластыру керек. Дәміне қарай лимон шырынын қосуға да болады.

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күзде сұлу сымбатты бақылауда ұстау қиын ба?