Арықтауға КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗ жетпей ме?

0
2 899

Осындай қиын сәтте БІР ҒАНА ТӘСІЛ ҚҰТҚАРАДЫ.


Арықтауға КҮШ-ҚУАТЫҢЫЗ жетпей ме?

Психологтардың айтуынша өз-өзіңді арықтауға көндіру үшін алдымен психологиялық тұрғыда осыған дайын болу керек екен. Алайда бұлай жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Әсіресе ішіп-жегенін есептеп, дұрыс тамақтануды қолға алу өте қиын. Мұны психологтар да жақсы біледі. Сондықтан да ең әуелі өзіңмен жұмыс жаса дейді.


Мақсатты дұрыс қоя біліңіз

Мақсат қоймас бұрын неліктен арықтағыңыз келетінін анықтап алу керек. Мысалы, жүктілік кезінде жинаған салмақты тастау үшін ғана семіздіктен арылуды қаласаңыз, бұл дұрыс мақсат емес. Сіз өз миыңызды дәл бұлай алдай алмайсыз. Миға дұрыс әрі нақты тапсырма беріңіз.

Мақсаттың дұрыстығын білу үшін – қазіргі жағдайыңызға, көңіл-күйіңізге мән беріңіз. Ол үшін бұрынғы, яғни, жас күніңіздегі немесе семіргенге дейінгі шақтарыңызды есіңізге түсіріңіз. Мысалы, емін-еркін жүгіріп, баспалдақтан ентікпей көтерілген кездеріңізді, сонымен қатар, сол уақыттағы сымдай тартылған сымбатыңызды ойлап көріңіз. Нәтижеге жету үшін осындай жағымды естеліктерді еске алуға тырысыңыз.


Өзіңізді жақсы көріңіз

Өзіңізді жақсы көру үшін сіздің сымбатыңыз әдемі, тартымды болуы керек. Ол үшін физикалық жаттығулар жасап, дұрыс тамақтануға көшуге тура келеді.

Арықтауға көмектесетін ең маңызды нәрселердің тізімін жасап, өз-өзіңізге мотивация беріңіз. Мысалы, еңбек демалысын алу, сол уақыт аралығында денсаулығыңызға көңіл бөлу. Демалыс кезінде денсаулықты жақсарту үшін тек пайдалы тағамдар жеп, зияндыларынан бас тартасыз. Тіпті, деннің саулығы үшін денеге оң әсер ететін жаттығулармен айналыссаңыз да болады. Осылайша денсаулығыңызды да жақсартып, дене бітіміңізді де ретке келтіріп аласыз.

Дегенмен, фигураны қалыпқа келтіру оңай емес. Сол себепті де қасыңызға жақсы әрі берік серік керек. Бұл адам сізге кері әсер ететін жағымсыз әңгімелерден аулақ болып, барлық жағынан қолдауы тиіс.


Осындай қиын сәтте бар көмегін аямай, сізбен бірге дұрыс тамақтанып, қажет болса жаттығуды да бірге жасайтын жан қасыңыздан табылса нұр үстіне нұр болмақ.


Шынайы мақсат қоя білу керек

Арманыңыздағы орындай алмайтын мақсаттың керегі жоқ. Реалист болыңыз. Өмірге тура қарағанның еш зияны жоқ. Мысалы, аптасына 0,5-1 кг салмақ тастауға қалай қарайсыз? Бұл салмақты тастау үшін де сізге тағам калориясын азайтуға күніне 30 минут жаяу жүруге тура келеді.

Егер сіз осылай шынайы әрі нақты мақсат қоюды үйренсеңіз, 1 айда кемінде 2 кг семіздіктен арыласыз. Ал, тағам калориясын азайтатын болсаңыз, тіпті 4 кг артық салмақты жоғалтуға мүмкіндігіңіз бар.


Пайдалы тағамдарға басымдық беріңіз

Жаңаша тамақтану тәртібіне ауысу дегеніміз бұрынғыға қарағанда тағам калориясын азайту екенін біліңіз. Бірақ калория азайды екен деп, тағамның дәмі, одан алатын әззат та азайды деген сөз емес.

Калорияны азайтудың бір тәсілі – көкөністер мен жемістерді, дәнді-дақылдарды ас мәзіріне көптеп қосу. Міндетті түрде тамақтану рационы түрленіп тұруы керек.


Ендеше арықтауға көмектесетін мына кеңестерді есте сақтағаныңыз жөн:

Жоғарыда айтып өткеніміздей ас мәзірін көкөністерге, жемістерге толықтырып, бұршаққынды өсімдіктермен тағам әзірлейсіз. Сондай-ақ, пайдалы зәйтүн, өсімдік, жаңғақ, авокадо майларын пайдалануға тырысыңыз. Қантты максималды түрде азайтып, оның орнына жемістерідң құрамындағы табиғи глюкозамен толықтырған абзал. Майсыз ет пен майсыз сүт өнімдерін ас мәзіріне қосуды да ұмытпаңыз. Осы айтылғандарды қолға алатын болсаңыз, бір айда 4 келіге арықтайтыныңыз сөзсіз.


Белсенді болыңыз

Физикалық жаттығу жасамай-ақ калорияны төмендетіп арқылы салмақты азайтуға болады. Ал, жаттығуды қосу арқылы бұл процесті тездетуге болады.

Физикалық жаттығулар салмақты азайтып қана қоймай, денсаулыққа да жағымды әсер етеді. Көңіл-күйді көтеріп, қан қысымын қалыпқа келтіреді, қан айналымды жақсартады.

Әдеттеріңізді пайдалы жағына қарай өзгертсеңіз, нәтижесін 1-2 айда байқайтын боласыз. Дегенмен, фигураны қалыпқа келтіруге 1-2 жеткіліксіз екені түсінікті. Сол себепті де осы әдеттерді өзіңіздің өмір сүру салтыңызға айналдырғанша тоқтамаңыз. Сонда деніңіз сау әрі сымбатты әйелге айналасыз. Бұдан былай ешкімнен сымбатыңызға байланысты артық әңгіме естімейтініңізге сенімді болыңыз.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қыста салмақ тастауға көмектесетін ас мәзірі


Ағзаны тазартатын 13 күндік диета