​ДТ ТАҒАМ: Арықтағыңыз келсе КОТЛЕТ пісіріп жеңіз

0
4 725

Диетологтардың пайымдауынша ең пайдалы әрі асқазанға ауырлық түсірмейтін ет – жентектелген ет екен. Әсіресе буға піскен тартылған ет ағзаға жақсы сіңіп, адам бойын пайдалы заттармен қанықтыра түседі дейді мамандар.


​ДТ ТАҒАМ: Арықтағыңыз келсе КОТЛЕТ пісіріп жеңіз

Ендеше бүгінгі диеталық мәзірге – жентектелген еттен дайындалған котлеттерді ұсынатын боламыз.

ДТ (ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ) мәзірін біздің сайтымыздан тұрақты оқып тұра аласыздар.


Тауық еті мен сүзбе қосылған котлет

Қажетті өнімдер:

  • 300-400 гр. тауықтың төс еті
  • 200 гр. майсыз сүзбе
  • 1 дана пияз
  • 1 дана жұмыртқа
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Пияздың қабығын аршып, майдалап турайсыз.
  2. Сосын тауық етін де орташа көлемде тураңыз.
  3. Осылайша туралған ет пен пиязды еттартқыштан өткізіп, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, жұмыртқамен араластырасыз.
  4. Дайын болған фарштан котлеттер жасап, духовкаға салып пісіріп ала бересіз.


Тауық еті мен қырыққабаттан дайындалған котлет


Қажетті өнімдер:

  • 1 кг тауықтың төс еті
  • 250 гр. қырыққабат
  • 1 дана пияз
  • 1 тіс сарымсақ
  • 2 шай қасық кептірілген дәмдеуіштер
  • 3 ас қасық йогурт
  • 1 дана жұмыртқа

Дайындалу тәсілі:

  1. Етті сүйегінен ажыратып, терісін де сыпырып тастаймыз. Сосын барлығын еттартқыштан өктізіп, араластыру керек.
  2. Дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер қосамыз. Ұнтақталған қызыл паприка қсоуға да болады.
  3. Йогуртты да фарш салынған табаққа салып, барлығын араластыру керек. Содан соң жұмыртқаның сарысын салып, жақсылап араластырамыз. Осылайша дайындалған фарштан котлеттер жасап, пешке салып пісіріп аламыз. Өте дәмді котлеттерді қайнатылған күрішпен, немесе салатпен ұсынуға болады.


Кәді мен еттен дайындалған котлеттер


Қажетті өнімдер:

  • 450 гр. тартылған сиыр еті
  • 100 гр. пияз
  • 1 дана кішірек кәді (кабачок)
  • 1 ас қасық ұнтақ жармасы (манная крупа)
  • Зәйтүн майы.

Дайындалу тәсілі:

  1. Котлет жасағыңыз келсе, ең дұрысы кесек ет сатып алыңыз. Дайын фарш сатып алуыдң қажеті жоқ. Сонда артық май қоспай, өзіңіз қалағандай етіп котлеттерді дайындайтын боласыз.
  2. Кәдінің қабығын аршып, ортасындағы дәндерін алып тастаймыз. Сосын майда үккіштен өткіземіз.
  3. Пиязды еттартқыштан өткізу керек. Сосын фаршқа кәдіні, пияз бен ұнтақ жармасын, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.
  4. Тұз көп қосудың қажеті жоқ. Себебі тұзды мөлшерден асырып қосатын болсаңыз, еттің суы шығып, котлеттер бөлініп қалуы мүмкін.
  5. Осылайша дайындалған фарштан котлеттер жасап, қыздырылған зәйтүн майына екі бетін қызартып пісіріп ала береміз. Зәйтүн майын өте аз құйыңыз. Сөйтіп түбі күймейтін табада пісіргеніңіз абзал.


Гүлді қырыққаба қосылған котлет


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. минтай балығы
  • 200 гр. гүлді қырыққабат
  • 1 дана үлкенірек пияз
  • 4 дана жұмыртқа
  • 2 ас қасық зәйтүн майы
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Балықты жуып, бірнеше бөлікке бөлеміз.
  2. Ал, гүлді қырыққабаттың гүлдерін бөліп, тұз қосылған суға салып бір қайнатып алу керек.
  3. Пияздың қабығын аршып, тураймыз.
  4. Енді бірдей мөлшерде, балық, гүлді қырыққабаттан алып, пиязбен араластырамыз. Содан соң блендермен майдалаймыз. Блендер болмаса еттартқыштан өткізуге болады.
  5. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз.
  6. Фаршқы жұмыртқаларды қосып, араластырамыз да орташа көлемде котлеттер жасап шығамыз. Осылайша дайындалған котлеттерді зәйтүн майына қуырып алсақ болғаны.
  7. Осы мәзірдегі гүлді қырыққабаттың орнына асқабақ, кәді, сәбіз немесе брокколи қоссаңыз да болады. Бұл енді әркімнің қалауына қарай жасалады.


Тауық етінен дайындалған котлет


Қажетті өнімдер:

  • 500 гр. тауық еті
  • 1 дана жұмыртқа
  • Аскөк, тұз, бұрыш қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Тауық етін ең алдымен еттартқыштан өткізіп аламыз. Сосын жұмыртқа, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып жақсылап араластыру керек. Дайын фарштан котлеттер жасаймыз.
  2. Котлеттерді бупеште пісірсеңіз де, духовкаға салып пісірсеңіз де болады. 25 минутта котлеттер де дайын боп қалады. Өте дәмді әрі қызарып піскен котлеттер тәбетіңізді тез басып, тойдырып қояды. Сол себепті де мұндай котлеттер диета ұстайтын қыз-келіншектерге өте пайдалы.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


40 келіге арықтаған педагог-диетолог өз шындығын айтты


Бүйрекке пайдалы тағамдар


Кез-келген жаста арықтауға арналған тиімді ДИЕТА