​Фитнес "құпия шаруада" белсенділігіңізді арттырады

0
1 959

30 минуттық серуеннің өзі ерлердің денсаулығына оң әсер етеді.


​Фитнес

Жаттығу жасағанды ұнатпайсыз, бірақ төсек қатынасында белсенді болғыңыз келеді. Олай болса бүгіннен бастап фитнес залына баруға дайындала беріңіз. Себебі, физикалық жаттығу сіздің сексуалды өміріңізді де жақсартады. Мамандары бұған дәлел де келтірген.

Бір зерттеуде шамамен 40 жастағы әйелдер спринт, күш жаттығулары секілді физикалық жаттығуларды тұрақты түрде орындай бастаған соң жиі оргазм сезіне бастағандарын атап өтті. Төзімділікті арттыратын жаттығулар мен би әйелдерде тестестерон гормонын көбейтеді. Бұл гормон либидоны көтеріп, қоздыра түседі. Демек спортпен жиі айналысатын әйелдер оргазм алуға бейім болады.

Ал зерттеуге қатысқан 178 ер адам аптасына бірнеше сағат жаттығу жасау олардың жыныстық функцияларын ынталандыратынын растады.



Техас университетінің ғалымдары спорт әйел затын анағұрлым сезімтал етеді деген тұжырымға келген. Физикалық жаттығулар клиторға қанның тез жиналуына ықпал етеді. Өйткені, клиторда 8000-дай нерв талшықтары бар.

Тұрақты жаттығулар жүрек-тамыр жүйесін, қан айналымы мен икемділікті және бұлшықет тонусын нығайтады. Ал мұның бәрі адамның сексуалды өміріне оң әсер етуі мүмкін. Әсіресе пилатеспен айналысқаннан соң нәзік жандылардың төсек қатынасына деген құмарлығы артады екен.

Тұрақты физикалық белсенділік сексуалды функцияны және рахаттану сезімін жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ол жыныстық белсенділікке жиі түсуді арттырады.

Бұдан басқа зерттеу көрсеткендей, сексуалды қозуды төмендете алатын аналық бездің поликистозды синдромына шалдыққан әйелдер 16 апта бойы жүйелі жаттығумен айналысқаннан кейін олардың сексуалды күші айтарлықтай артқан.




Спортпен тұрақты шұғылдану ерлерде кездесетін эректильді дисфункцияны болдырмайды. Зерттеулерге сүйенсек, физикалық қозғалыста жүретін 50-ден асқан ер адамдарда импотенция болмайды. Ғалымдар 30 минуттық серуеннің өзі ер адам денсаулығына оң әсер ететінін айтады.

Ерлер денсаулығының жақсы болып, спермасының сапалы болғанын қаласа, аптасына 15 сағаттан кем емес уақыт спортты серік ету керек. Бұл жүктілікті жоспарлаған кезде өте маңызды.


(Сурет ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Остеохондрозды 3 минутта емдейді: Миды оттегімен қоректендіретін жаттығу


Жаттығу нәтижелі болсын десеңіз МЫНА 3 жемісті жеңіз