Қисық аяқты түзетуге болады

0
362

Аптасына үш рет тізе астындағы сіңірді керу...


Қисық аяқты түзетуге болады

Ересек адамдардың сүйектері толық қалыптасып қойғандықтан, қисық аяқты түзетудің жалғыз жолы – хирургиялық жолмен түзету. Алайда, кейбір жаттығулар аяқтың түзу болуына көмектеседі және тізені сақтайды. Ал балалардағы аяқтың қисықтығын емдеу басқаша жүргізіледі.


Қалай көмектеседі?

Негізі жаттығулар аяқтың қисық қалпын толық өзгертіп жібере алмайды. Бірақ зерттеулер нәтижесі сан мен бөксені керу жаттығуын дұрыс және үнемі жасау айтарлықтай пайда әкелетінін көрсеткен.

Сондай-ақ физикалық жаттығулар сіздің өз салмағыңызды бақылауда ұстауыңызға көмектеседі. Ал бұл буындардағы мәселенің алдын алады. Артық салмақ тізе буындарының ауруына алып келетін қосымша фактор.


Бант жаттығуы

Аптасына үш рет төрт апта бойы тізе астындағы сіңірді керу немесе иілгіш таспамен жаттығу жасау тізе арасындағы алшақтықты кішірейтуге және оның беріктігіне көмектеседі.


Бұлшықетті керу

Жаттығуды жасау үшін арқасы бар орындыққа отырып алыңыз. Түзу отырған күйі бір тізеңізді бүгіңіз. Ал екінші аяқты керісінше, саусақ ұштарын өзіңізге қарата созып жіберіңіз.


Тізе астындағы сіңірді созу

  • Тегіс жерге отырып, екі аяқты қатар созыңыз. Сол күйі тізеге қарай барынша еңкейіңіз.
  • Екінші жаттығу: Тіке бір аяқпен тұрыңыз. Ал екенші аяқтың табанын тіке тұрған аяқтың тізесіне қойыңыз. Яғни «4» белгісін жасаңыз. Бүгілген тізені денеңізге қарай жақындатуға тырысыңыз.
  • Алдымен жұмсақ резеңкені тізеден сәл жоғары етіп киіңіз. Ал қаттылауын табанға кию керек. Аяқты иық деңгейімен бірдей етіп ашыңыз. Ары қарай табанды сыртқа қарай қайыру керек. Бұл кезде тізе түзу тұру керек. тек қана табан жұмыс істеуі қажет. Жаймен 15 рет жасап көріңіз.


Бұлшықетті керу

Қырыңызбен жатыңыз. Саныңызға иілгіш таспа тағып, жоғарғы жағында тұрған аяқты барынша көтеріңіз.


Аяқты сыртқа айналдыру

Бұл жаттығуды жасау үшін 2 фитнес-резеңке керек болады. Оның бірі қаттылау, екіншісі жұмсақ болғаны дұрыс. Қазір мұндай резеңкелерді спорт дүкендерінен, онлайн дүкеннен қолжетімді бағада алуға болады. Сондықтан жиынтығын алып қойсаңыз, кейін де өзге жаттығуларды жасауға керек болады.


Отырып-тұру

Резеңкелерді орнында қалдырыңыз. Жаймен тізені ашып жаймен отырып, тұрыңыз. Дәл осы жаттығу арқылы бөксе қосымша жаттығады. Жаттығу кезінде аяқты нық ұстаңыз. 15 мәрте жасаңыз.


Қосымша қадамдар

Резеңкелер сол қалпында тұра береді. Әр жанға 15 реттен қадам жасаңыз.


Аяқты айқастырып жүру

Резеңкелерді мүлде орнынан қозғамаңыз. Тура сол күйі аяқты айқастырып жүріп көріңіз. Бір аяғыңыз орнында тұра береді, екінші аяқты көтеріп алдына қойыңыз. Осылай аяқтарды алмастыра отырып, әр аяққа 15 мәртеден жасаңыз.


Бөксемен көпір жасау

Арқаға жатасыз. Тізені бүгіп, аяқты жинаңыз. Резеңкенің табандағысын алып тастайсыз, ал жоғарғы жақтағысы қалады. Қолдарыңыз дене бойымен созылған күйі қала береді. Осылай жаймен бөксені көтеріңіз. Мұны асықпай жасау маңызды. Жаттығуды 15 рет жасау керек және жоғары көтерілгенде 40 секунд қатып тұру қажет.

Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ