​«БАҚЫТ ГОРМОНЫ» спортсыз да, диетасыз да арықтауға КӨМЕКТЕСЕДІ

0
4 939

Тамақтану әдеттері де адамның семіріп кетуіне ықпалын тигізеді. Егер семіздіктен арылғыңыз келсе, уақытша болса да зиянды тағамнан бас тарып, денсаулыққа пайдалы тағамдарды тұтынған дұрыс.


​«БАҚЫТ ГОРМОНЫ» спортсыз да, диетасыз да арықтауға КӨМЕКТЕСЕДІ

Арықтау мәселесі қазіргі таңда көп адамды ойландырады. Семіздікпен бетпе-бет келген жандар арықтаудың қиын екенін де жақсы түсінеді. Тіпті, кейбірінің бұл мәселеде көңілі қалып, диета ұстауға да, спортпен шұғылдануға да зауқы соқпайды. Міне, осындайда сізге «бақыт гормоны» көмекке келеді. Көңіл-күйіңізді көтеріп, ұйқыңызды қандырсаңыз бәрі де ойдағыдай болары сөзсіз.


«Бақыт гормоны»

Қатал диетаны ұстап, аяғына дейін жеткізуге көп адамның төзімі жете бермейді. Мұндай жандарды дәрігерлер көңіл-күйді көтеретін тәттілердің орнын құрамы триптофанға бай азық-түліктермен алмастыруға шақырады. Бұл зат серотонин гормонының түзілуіне септігін тигізіп, сізді бақытқа жетелейді.

Дәрігерлердің тілімен айтар болсақ, серотонин гормоны тағамның құрамында болмайды. Азық-түлікте триптофан заты бар. Осы заттың синтезделуі арқасында серотонин гормоны бөлінеді екен. Сол себепті де тамақтану рационыңызға құрамы триптофанға бай – ірімшік, сүзбе, ет, балық, бадам жаңғағын қосқаныңыз абзал.


Ұйқы


Ұйқы тыныш әрі жайлы болса артық салмақтың ең күшті құралы бола алады. Себебі мамандардың айтуынша күніне 8 сағат ұйықтайтындардың гормон жүйесі жақсы жұмыс істеп, арықтауға әсер етеді. Сондықтан да «Қуаныш гормонының» бөлінгенін қаласаңыз, ұйқыны қандырып, жаныңызды тыныштандырыңыз.


Тамақтың сапалы болуы

Тамақтану әдеттері де адамның семіріп кетуіне ықпалын тигізеді. Егер семіздіктен арылғыңыз келсе, уақытша болса да зиянды тағамнан бас тарып, денсаулыққа пайдалы тағамдарды тұтынған дұрыс. Мысалы, майонездің орнына йогуртты пайдаланып, балғын көкөністер мен жемістерді ас мәзіріне қосуға кеңес береміз. Сонымен қатар, біршама уақыт қант, ұн секілді жоғары калориялы азық-түліктерді қолданбауға тырысыңыз.


Белсенділік

Күнделікті спортпен шұғылданбасаңыз да, үнемі жаяу жүру арқылы қиналмай-ақ сымбатты болуға болады. Сондай-ақ, белсенді ойындар, таза ауада серуендеу, жүзу де денені сергітіп, арықтауға көмектеседі.


Ағзаның саулығын арттырып қана қоймай, арықтағыңыз да келсе, күніне 10 мың қадам жүру керектігін білесіз бе? Осылайша сіз тағамның калориясын жойып, артық май жинамауға ағзаға көмектескен боласыз. Ал, әр күні ұмытпай, ерінбей 10 мың қадам жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұны тек мықтылар ғана жасай алады. Егер сіз осындай белсенді әрі өмірге құштар, өте әдемі жандардың қатарынан болғанды қаласаңыз, біз айтқан кеңестерге құлақ түріңіз. Жүрдім-бардым оқи салып, кеңестерді ой елегінен өткізбейтін болсаңыз, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмайсыз. Табандылықты, сергектікті серік етіп, сымбатыңызды сымдай тартуға асығыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ДТ ТАҒАМ: Арықтағыңыз келсе КОТЛЕТ пісіріп жеңіз


40 келіге арықтаған педагог-диетолог өз шындығын айтты