Жамбыл облысына Шымкенттен көмек жіберілді

0
836

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы мектептің жанында.


Жамбыл облысына Шымкенттен көмек жіберілді

Жамбыл облысына көмек көрсету үшін Шымкент қаласынан көмек жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы Жаңатұрмыс ауылдық округінен 10 шақырым жерде ҚР ҚМ №28349 әскери бөлімінің аумағында сағат 17:50-де оқ-дәрі қоймасынан өрт шықты.

Оқиға орнына сағат 23:00-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 8 бірлік техника, 33 адам және 1 бірлік пилотсыз ұшу аппараты (дрон) мен құралдары жіберілді.

Сонымен қоса, ТЖД күштері мен құралдары 1 бірлік ПҰА (пилотсыз ұшу аппараты) "DJI Matrice 200" макс, ұшу уақыты 30 минут және 1 қызметкер, Шымкент қаласы "ӨСжАҚЖҚ" ММ – 7 бірлік техника (оның ішінде 1 бірлік техника қызметтік машина, 5 бірлік техника АЦ және 1 бірлік техника КАМАЗ-43114 НЕФАЗ) және 29 адам және Апаттар медицинасы орталығының филиалы – 1 бірлік техника және 3 адам жіберілді.

Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына сағат 04:05-те келді. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Байзақ ауылындағы Сыдық Абланов атындағы мектептің жанында.

Штаб жарылыс орнынан 10 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта штабтың нұсқаулары күтілуде.