Жамбылдағы жарылыс: Екі журналистке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

0
837

Қыркүйек айының ортасында екі БАҚ өкілі - Исламбек Дастан (Turaninfo.kz) мен Данияр Әлімқұлдың ("Жетінші арна") полицияға жауап алуға шақырту алғаны белгілі болды.


Жамбылдағы жарылыс: Екі журналистке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының полициясы алдында қоғамдық резонанс тудырған видео авторлары - екі журналистке қатысты қылмыстық істерді тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Қыркүйек айының ортасында екі БАҚ өкілі - Исламбек Дастан (Turaninfo.kz) мен Данияр Әлімқұлдың ("Жетінші арна") полицияға жауап алуға шақырту алғаны белгілі болды. Журналистер не бүлдіргендерін сұрағанда полиция олардың түсірілімдерін тексеріп жатқанын айтты.

Жамбыл облыстық прокуратурасы "Ақпараттық жүйені пайдалана отырып, біле тұра жалған ақпарат тарату" бабы бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады. Тергеу 26 тамызда Байзақ өңірінде болған оқиғалардан кейін қолға алынған.

Сотқа дейінгі тергеудің қолға алынуына әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде уәкілетті орган анықтаған қоғамның теріс пікірін туғызған осы адамдардың түсірілімі себеп болды, делінген редакция сауалына берілген жауапта.

Тергеу облыстық прокуратураның бақылауында болды. "Туындаған сұрақтарға" түсінік беру үшін БАҚ өкілдерімен кездесу өткізілді.

Бір күн бұрын, 21 қыркүйекте, жүргізілген тергеу әрекеттері мен зерттеу нәтижелерін зерделей келе, полиция қылмыс құрамының жоқтығына байланысты журналистерге қатысты қылмыстық істерді тоқтатты.

30 тамызда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мейрамхананың жанында әскери снарядтарға ұқсас заттар жатқан видео пайда болды. Видео авторы Данияр Әлімқұл оларды Жамбыл облысы Байзақ ауданынан тапқанын айтты.

Кейінірек Қорғаныс министрлігі бұл оқ-дәрілерді жойғаннан кейінгі металл қалдықтары екенін, оның жеке кәсіпорынға сатылғанын, оның басқаларға ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.

26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 17 адам қайтыс болды.