Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен жігіттің анасы сыйақы тағайындады

0
1 117

Анасы ұлының тірі екеніне сенімді.


Жамбылдағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен жігіттің анасы сыйақы тағайындады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен әскери Бауыржан Дәуітбаевтың анасы ұлын тапқандарға сыйақы бермек, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алапат жарылыстан кейін жамбылдық әскери Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал жауынгердің анасы тапқан адамға сыйақы беретінін хабарлады, өйткені ұлының тірі екеніне сенімді.

«Сіздерден көмек сұраймыз, қазақ елі! Көрген білгендіріңіз болса, хабарласуларыңызды өтінеміз. Сыйақысы бар. Жасөркеннен көрген бір-екі адам бар. Бірақ әлі нақты табылмай жатыр. Жарылыстан елдің бәрі қашқан кезде бір жағына қарай шығып кетті деген ойдамыз. Содан «басына бір зақым келді ме?» деген пікірдеміз. Өйткені есін білсе ол осы уақытқа дейін үйге оралар еді», - дейді Бауыржан Дәуітбаевтың анасы Фатима Ағыбекова.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, артынан жарылғаны хабарланды. Оқиғаның салдарынан барлығы 17 адам қаза тапты. Олардың арасында ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, әскери прокурор бар.