Жамбыл облысындағы жарылыс: Оқиға орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды

0
959

Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды.


Жамбыл облысындағы жарылыс: Оқиға орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерінікі екендігі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.