Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, деп жазады Tengrinews.kz.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда", - делінген Жедел штаб мәлімдемесінде
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.