Жамбыл облысындағы жарылыс: төрт әскери қызметші қаза болды

0
1 268

Өртті сөндіруге, ең алдымен әскери бөлімнің өрт сөндірушілері аттанған.


Жамбыл облысындағы жарылыс: төрт әскери қызметші қаза болды

ERNUR.KZ. Тараздағы әскери бөлімде өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы оқиға орнына аттанған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Ең алдымен апатта өрт сөндіру барысында қаза тапқан төрт әскери қызметкердің жақын туыстарына көңіл айтамыз", - деді ол брифингте.

Сондай-ақ ол жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айтуынша, 26 тамызда сағат 18:45-те "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың базасында қоймалардың бірінен өрт шыққан. Өртті сөндіруге, ең алдымен әскери бөлімнің өрт сөндірушілері аттанды. Әскери бөлімдегі кезекші бірден "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың басшылығына хабар берді.