Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті

0
918

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.


Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР ТЖ баспасөз қызметіне жасап.


Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда.

Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы- Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы
2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
3. Микропуло Александр Николаевич - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары.
4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
5. М.К.Айманов - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;
Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестірілуде.