Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды

0
781

Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды.


Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп жазады zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті.

Бүгін, яғни 13 ақпан күні мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді.

Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.

6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінен кейін үйінді астынан Түркияда жүрген қазақстандық Сәбина Мамадьярова аман-есен шығарылды. Оның қолы сынған. Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан 9 ақпанда табылды. Сол күні құтқарушылар қиранды астынан тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін шығарды.