Түркиядағы жер сілкінісі: министрлік құтқарушыларды марапаттады

0
677

Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды.


Түркиядағы жер сілкінісі: министрлік құтқарушыларды марапаттады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына, медицина қызметкерлеріне марапаттап, президенттің алғысын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін барлығы 59 қызметкер марапатталды, оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды, 51 қызметкер президент Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.