Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан литосфералық тақталар үш метрге жылжыған

0
885

Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 баллдық жойқын жер сілкінісі 6 ақпан күні таңертең болды.


Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан литосфералық тақталар үш метрге жылжыған

ERNUR.KZ. Ғалымдар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің геологиялық ығысуға әкелгенін анықтады, деп жазады stan.kz.

Литосфералық тақталар үш метрге жылжыған.

Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институты мамандарының айтуынша, Араб тақтасы Анадолы тақтасына қарағанда шамамен үш метрге жылжыған.

Институт президенті барлығы ондаған секундта болғанын түсіндіреді.

Зақымданудың жалпы көлемі кем дегенде 150 шақырымды құрайды.

Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 баллдық жойқын жер сілкінісі 6 ақпан күні таңертең болды.