Қазір мыңнан астам тұрғын үй салынып жатыр.
ERNUR.KZ. Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жер сілкінісінен зардап шеккендердің уfқытша тұруына арналған контейнерлер мен шатырлар орнатылды.
“Түркия үкіметі бір жыл ішінде тұрақты тұрғын үйлермен қамту үшін іс-шараларды қолға алды. Жер сілкінісі аймағында 1797 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Наурызда 200 мың тұрғын үй, оның ішінде 70 мыңға жуық жер үй, барлығы 270 мың тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр”,- деді Уфук Екиджи.
Елші атағандай, зілзаладан зардап шеккендерге азаматтардың өзі де көмектесіп жатыр.
“Халық та атсалысып жатыр. Екінші үйі бар немесе баспанасы бос тұрған азаматтар жер сілкінісінен зардап шеккендердің тұруына ұсынып жатыр”,- деді ол.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Оның салдарынан 43 мыңнан астам азамат қаза тапты.