Қазақстан құтқарушылары Түркияда 7 адамды құтқарып, қайтыс болған 53 адамның денесін шығарды

0
891

Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жұмыс істеп жатыр.


Қазақстан құтқарушылары Түркияда 7 адамды құтқарып, қайтыс болған 53 адамның денесін шығарды

ERNUR.KZ. Іздеу-құтқару жүргізілген күннен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ал қайтыс болған 53 адамның төртеуі - бала, деп жазады zakon.kz.

Газиантеп қаласына бірінші эшелонмен барған құтқарушылар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жұмыс істеп жатыр.

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жалғасып жатыр. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 8 қаза тапқан адамның денесі шығарылды.

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Ғимараттың 2-қабатына дейін инженерлік техниканы пайдалана отырып, демонтаж жүргізілді. Үйінділердің арасынан адамдар іздестіріліп жатыр. Қайтыс болған 19 адамның денесі шығарылды.

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізіп жатыр. Ғимарат толығымен қираған. Үйінділердің арасынан қайтыс болған 18 адамның денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ екінші эшелонмен барған құтқарушылары Түркияға келген сәттен бастап Нурдагы қаласында іздеу-құтқаруды тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қазақстан құтқарушылары толығымен қираған ғимаратта адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажет көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыс істеді.

Қазақстан құтқарушыларының үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашып, жедел және сауатты іс - қимылының, зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақытылы қабылданған шарасының нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш тірі адамды - ер адам мен екі әйелді шығару мүмкін болды.

Қазір Қазақстан ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқаруды жалғастырып жатыр.